БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке  дейінгі  ұйымның  атауыҚазығұрт  ауданының  «Күншуақ»  бөбекжай  балабақшасы  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі
2Білім  беру  ұйымының  орналасқан  жері (заңды мекен – жайы және  нақты  орналасқан  жерінің  мекен – жайы)Түркістан  облысы,  Қазығұрт  ауданы, Қарабау  а/о, Үшбұлақ  елді мекені, Кейкіман  батыр №12А
3Заңды  тұлғаның   байланыс  деректері  (телефон,  электрондық пошта,  webсайт)Ұялы  телефон  8 707 897 01 07
Электронды поштасы                  kunshuak.2023@bk.ru
Webсайт: https://kunshuak.bb.edu.kz
4Заңды  тұлға   өкілінің  байланыс деректері (басның  Т.А.Ә  лауазымға  тағайындау  туралы  бұйрықтың  көшірмесіКудирбекова  Шолпан  Бакитжановна   «Күншуақ»  бөбекжай  балабақшасы  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің  меңгерушісінің  шешімі  бойынша  2022 жылғы   18 қазандағы   №1  бұйрықпен  тағайындалған.   Төлебаева  Гулзада  Бахытқызы «Күншуақ»  бөбекжай  балабақшасы  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің  меңгерушісінің шешімі бойынша 2024 жылғы  01 қарашадағы №76 бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық  белгілейтін  және  құрылтайшылық  құжаттары  (жарғының  және  заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу  не  қайта  тіркеу  туралы  анықтаманың/куәліктің  көшірмесі  қоса  беріледі.Заңды  тұлғаны  мемлекттік  қайта  тіркеу  туралы  анықтамасы  Қазақстан  Республикасының  заңдамасына  сәйкес  Заңды  түлға  мемлекеттік  тіркеуден  05.09.2016 жылы  берілген.                      БСН: 160940002921
6Рұқсат  беру  құжаттары  (білім   беру  қызметіне  лицензия  және  оған  қосымша  және  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  саласындағы  қызметтің  басталғаны  туралы  хабарламаны  жіберу  туралы  талон)Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  саласындағы  қызметтің  басталғаны  туралы  талон  2017  жылғы  31  наурызында   KZ09TWQ00080491          хабарлама   берілген.
7Құрылған  жылы2016 жыл  
8Типтік  ғимаратБір  қабатты  типтік  үлгіде  
9Топтар  саны6 топ  
10Балаларды  оқыту  тіліҚазақ  тілі  
11Жұмыс  аптасының  ұзақтығы5  күндік  
12Ауысым  саныТәрбиешілер:  І ауысым  
13Жасына  қарай  топтар  бойынша  ұйымдастырылған  іс-әрекетінің  ұзақтығы  –  минутпен Ересек  топ – күні  бойы Ортаңғы  топ – күні бойы Кіші  топ – күні  бойы
14МДҰ – ның  жобалық  әлеуетіБалабақша  орны  150  балаға  арналған. 28.02.2017  жылы   №   X.KZ08VBS00061100   санитарлық  эпидемиологиялық  қорытынды  берілген.  Құжаттар  көшірмесі  қоса  жолданды.

        Балабақша  ғимараты 1 қабатты типтік жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша  145  орындық, 6  топ жұмыс  жасайды. Әр топ  20-25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Алтын топ жұмыс жасайды. Кіші топтар: «Ботақан», «Айгөлек»,  ортаңғы топтар:  «Балауса», «Қарлығаш», ересек  топтар: «Балдырған» «Балапан».  Тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, мед кабинет, асхана, қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен  жабдықталған. 

         Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға                   12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші  кабинеті;

— Әдістемелік  кабинет;

— Теледидар – 6  дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 2 дана;

— Түсті принтер -1 дана.

— Принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.